Logo
Іздеу
Айдарлар

Қытай Ресей мұнайынан бас тарта бастады

/
Қытай Ресей мұнайынан бас тарта бастады
Сурет: Рixabay

Қытайдың мемлекеттік мұнай компаниялары ресейлік мұнайды сатып алуды уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, бұл шешім АҚШ-тың «Роснефть» пен «Лукойл» компанияларына енгізген санкцияларымен байланысты.

Мәселе Қытайдың ұлттық мұнай компаниясы PetroChina, сондай-ақ Sinopec, CNOOC және Zhenhua Oil туралы болып отыр. Агенттіктің мәліметінше, бұл компаниялар кем дегенде жақын уақытта теңіз арқылы жеткізілетін ресейлік мұнаймен сауда жасаудан бас тартпақ.

Бұған дейін Reuters Үндістандағы мұнай өңдеу зауыттары да ресейлік шикі мұнай импорты көлемін күрт азайтуды жоспарлап отырғанын хабарлаған еді.