Logo
Іздеу
Айдарлар

Сүйінші, ағайын! Қазақтың "Қыз Жібегі" үлкен марапаттың иесі атанды

/
Сүйінші, ағайын! Қазақтың "Қыз Жібегі" үлкен марапаттың иесі атанды
ашық дереккөзден

Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында еліміздің мәдениет, ғылым және әлеуметтік саладағы бірқатар тұлғалары мемлекеттік марапаттарға ие болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқан азаматтар жоғары мемлекеттік марапаттармен марапатталды.

Мәдениет саласының көрнекті өкілдері З. Алтынбаева, Ә. Алтынбек, Н. Жмеренецкая, Б. Қажыбаев, сондай-ақ кәсіпкер және қоғам қайраткері И. Сауэр және басқа да тұлғалар «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына ие болды.

Ал әдебиет саласында ақын М.Айтқожа мен жазушы Ғ.Қабышұлына «Қазақстанның халық жазушысы» атағы берілді.

Музыка, театр және кино саласында елеулі еңбегімен танылған өнер қайраткерлері Болат Әбділманов, Меруерт Өтекешова, Асанәлі Жайымов, Төлеубек Жанқұл, Шолпан Жанысбекова, Бақыт Ибраев, Күләш Қазақбаева және Раушан Машурова «Қазақстанның халық әртісі» атағына лайық деп танылды.

Сондай-ақ денсаулық сақтау мен ғылым саласының үздік өкілдері «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» және «Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері» атақтарымен марапатталды.

Бұдан бөлек, ел қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету ісінде ерлік пен жанқиярлық танытқан әскери қызметкерлер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері «Даңқ», «Айбын» ордендерімен және «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен марапатталды.

Айта кету керек, Жұмысшы мамандықтары жылы аясында Республика күні қарсаңында ел экономикасына және қоғам дамуына үлес қосқан 138 еңбек әулетінің өкілі, өнеркәсіп, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардың 500-ге жуық жұмысшысы, 200-ге тарта кәсіпкер, сондай-ақ 130-дан астам ұстаз бен ғалым, 100-ден аса медицина қызметкері және өз еңбегімен ел дамуына үлес қосып жүрген өзге де азаматтар мемлекеттік марапаттарға ие болды.