Logo
Іздеу
Айдарлар

"Асанәлі Әшімовтің үстінен арыз жаздым": Танымал актер ел естімеген шындығын айтты (ВИДЕО)

/
"Асанәлі Әшімовтің үстінен арыз жаздым": Танымал актер ел естімеген шындығын айтты (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Белгілі театр және кино актері Бауыржан Қаптағай шығармашылық жолындағы күрделі сәттердің бірін есіне алып, өзіне үлкен сабақ болған оқиға туралы ашық айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Өнер майталманы кезінде қазақ сахнасының аңызы, ұстазы Асанәлі Әшімовке қатысты қателік жасағанын мойындап, кейін кешірім сұрағанын жасырмады.

"Байқамай, елге ілесіп, Асанәлі Әшімовтің артынан қол қойып жібергенім бар. Кейіннен өзінен кешірім сұрадым. Өйткені ұстазым болды ол кісі. Бізде білесің ғой, Әзірбайжан Мәмбетовтің үстінен де арыз жазылды. Тұңғышбайдың үстінен де арыз жазылды. Жаман болдым өзім", – деді Бауыржан Қаптағай.