Logo
Іздеу
Айдарлар

3 қарашадан бастап «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

/
3 қарашадан бастап «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталады
Pixabay

Қазақстандықтар үшін тиімді ипотекалық мүмкіндік саналатын «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау 2025 жылғы 3 қарашадан 1 желтоқсанға дейін жалғасады.

Бағдарламаға Отбасы банкінің салымшылары және депозитінде кемінде 2 миллион теңге жинағы бар, соңғы бес жылда өз атына немесе отбасы мүшелерінің атына тұрғын үй тіркелмеген азаматтар қатыса алады.

Өтінімдер толығымен онлайн қабылданады — қатысушылар Baspana Market платформасы арқылы өтініш беріп, нәтижесін жеке кабинеттен бақылай алады. Толық нұсқаулық банк сайтының «Наурыз» бөлімінде жарияланған.

Бағдарлама шарттары:

Жаңа (таза әрленген) тұрғын үй үшін бастапқы жарна -10%-дан бастап;

Қайталама немесе әрленбеген пәтер үшін - 20%-дан;

Сыйақы мөлшерлемесі: әлеуметтік осал топтарға - 7% (ЖТСМ 7,1%), басқа қатысушыларға - 9% (ЖТСМ 9,4%).

Несие сомасының шегі:

Өңірлер үшін — 30 млн теңге дейін;

Астана мен Алматы қалалары үшін — 36 млн теңге дейін.
Несие мерзімі 19 жылға дейін беріледі.

Бағдарлама аясында Астана, Алматы және облыс орталықтарында тек жаңа тұрғын үйлер сатып алуға болады. Ал моноқалалар мен ауылдық елді мекендердің тұрғындары бірінші және екінші нарықтағы үйлерді таңдай алады. Барлық ұсыныстар Baspana Market порталында қолжетімді.