Logo
Іздеу
Айдарлар

Жігер Ауыпбаев қойшы бала туралы ел естімеген шындығын жайып салды (ВИДЕО)

/
Жігер Ауыпбаев қойшы бала туралы ел естімеген шындығын жайып салды (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Танымал әнші Жігер Ауыпбаев "Таңшолпан" бағдарламасында қонақ болып, көпшілікке "қойшы бала" деген атпен танылған шәкіртімен арадағы қарым-қатынасы жайлы ашық пікір білдірді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Дереккөздің жазуынша, соңғы бес айда екі жанның шығармашылық байланысы үзіліп қалған. Дегенмен бұл кезеңде жас талант қол қусырып отырмаған – ол гитара мен домбыра тартуды меңгеріп, түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған.

"Қойшы баламмен бір ән жазылды, одан кейін бейнебаян түсіреміз дедік. Бірақ менің басымда жеке проблемалар көбейіп кетті. Бәрі енді реттеле бастады. Шығыс Қазақстан жаққа гастрольдік сапармен бара жатырмыз, өзіммен бірге қойшы баланы алып кетем деп отырмын. Екеуміздің байланыспай кеткенімізге 4-5 ай болған шығар. Сол уақыт аралығында ол бала дамыпты, байқауларға қатысып, жүлделі болыпты", – дейді әнші.