Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапары кезінде екі ел Қазақстанға амур жолбарыстарын әкелу және бейімдеу жөніндегі бірлескен келісім жасалды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Құжатқа экология министрлері Ерлан Нысанбаев пен Александр Козлов қол қойды.
Жоспарға сәйкес, Ресей Қазақстанға төрт амур жолбарысын — екі аталық және екі аналық дараны өтеусіз береді. Олар «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватына жеткізіледі.
Жоба WWF және БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауымен жүзеге асады. Бұл бастама жойылып кеткен тұран жолбарысын қайта қалпына келтіруге бағытталған және Қазақстанды жолбарысты табиғатқа қайта енгізген алғашқы елдердің біріне айналдыруы мүмкін.