AҚШ Каспий құбыр консорциумы, «Теңізшевройл» және Қарашығанақ жобасының жұмысына қатысты бұрын санкцияға ілінген барлық операцияларға рұқсат берді, деп хабарлайды Arasha.kz.
АҚШ-тың Шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) жаңа №124B жалпы лицензиясын шығарып, компанияларға аталған жобаларды қызмет көрсету және пайдалануды жалғастыруға мүмкіндік берді.
Рұқсат «Роснефть», «Лукойл» және олардың еншілес компанияларының осы жобалармен байланысты операцияларына да қатысты. Алайда жобалардың өзіндегі үлестерді сату немесе басқаға беру әлі де тыйым салынған.
Жаңа лицензия 14 қарашадан бастап күшіне енді және оған дейінгі №124A лицензиясының орнына толық енгізілді.