АҚШ президенті Дональд Трамп Ресеймен ынтымақтастық орнатқан кез келген мемлекетке санкция салу туралы заң жобасын қолдады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Трамптың айтуынша, құжат қазір Конгрестің қарауында тұр.
«Мен бұны ұсындым, сондықтан Ресеймен сауда жасап отырған кез келген мемлекет өте қатаң санкцияларға ұшырайды», — деді Трамп журналистерге.
Бұл мәлімдеме халықаралық қарым-қатынастарда АҚШ пен Ресей арасындағы саяси шиеленістің одан әрі күшеюі мүмкін екенін көрсетеді.