Logo
Іздеу
Айдарлар

"Шаңырақ көтереді": Медеу Арынбаев ел асыға күткен қуанышты жаңалығын айтты (ВИДЕО)

/
"Шаңырақ көтереді": Медеу Арынбаев ел асыға күткен қуанышты жаңалығын айтты (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Белгілі әнші әрі актер Медеу Арынбаев "Бүгін.live" бағдарламасында қонақ болып, келесі жылы ұлын үйлендіріп, келін түсіретінін айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Өнер иесінің сөзінше, баласы қазір өзінің сүйген қызымен жүр, ал ата-ана ретінде олар жастардың шешіміне құрметпен қарайды.

"Келер жылы ұлымды үйлендірмек ойымыз бар. Қазір қол ұстасып жүрген қызы бар. Мен ешқандай талап қоймаймын, бәрін өзі біледі. Біз тек ниетімізді білдіріп, тілеулес болып отырмыз. Әрдайым "ата-аналарыңның сенімін ақтаңдар, өз өмірлеріңді өздерің құрыңдар" деп айтып жүремін. Ең бастысы – бақыттары баянды болсын" – деді Медеу Арынбаев.