Logo
Іздеу
Айдарлар

Трамп Мадуроға Венесуэладан кетуге бір апта уақыт берді

/
Трамп Мадуроға Венесуэладан кетуге бір апта уақыт берді
Сурет: ашық дереккөзден

Венесуэла президенті Николас Мадуро АҚШ-тың қауіпсіздік кепілдігімен елден кету мүмкіндіктерін дерлік сарқып үлгергені хабарланды. Бұл туралы Reuters агенттігі дереккөздерге сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Президенттер Дональд Трамппен 21 қарашада сөйлескен. Сол кезде АҚШ Венесуэлаға қысымды күшейтіп, Кариб теңізіне әлемдегі ең ірі ұшақ тасымалдаушы «Джеральд Форд» бастаған әскери эскадра жіберген еді. Олардың әңгімесі шамамен 15 минутқа созылған.

Reuters дереккөздеріне сүйенсек, Мадуро Трампқа өз отставкасына дайын екенін және егер өзіне және отбасы мүшелеріне санкциялар алынса, заңдық амнистия кепілдендірілсе, Венесуэладан кетуге дайын екенін айтқан. Сонымен қатар ол елдің басшылығынан шамамен жүз адамға амнистия беруді сұраған.

Агенттіктің дереккөздеріне қарағанда, Трамп бұл шарттарды қабылдамаған және Мадуроға елден кетуге бір апта уақыт берген. Бұл мерзім 28 қарашада аяқталып, Трамп Truth Social платформасында Венесуэла үстіндегі әуе кеңістігін жабу туралы хабарлаған.

Reuters дереккөздерінің мәліметінше, Мадуро әкімшілігі Трамппен тағы бір сөйлесу сұраған, бірақ келісім жасалмаған.

АҚШ Венесуэланы және оның президентін есірткі саудасына көз жұмуда деп айыптап, олардың есірткі тасымалдайды деп саналатын кемелеріне үнемі соққы жасайды. Венесуэла бұл айыптауларды жоққа шығарып, АҚШ қысымын Мадуроны тақтан кетіру талпынысы ретінде қарастырады.