Logo
Іздеу
Айдарлар

Алматыда жас қыз 12-қабаттан құлап, қаза тапты

/
Алматыда жас қыз 12-қабаттан құлап, қаза тапты
Сурет: Әкімдік

Оқиға бүгін қаладағы Түрксіб ауданында болған. Куәгерлердің айтуынша, 24 жастағы қыз «Радужный берег» тұрғын үй кешенінен бір тәулікке пәтер жалдаған, бұл оның соңғы күніне айналды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл суицид пе, әлде кездейсоқ оқиға ма – әзірге белгісіз, деп жазды Halyqstan телеграм арнасы. Тергеу бұл жағдайды анықтауы тиіс.

«Аталған факті бойынша Түрксіб ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. 24 жастағы қыздың өлімінің себебі мен мән-жайы анықталып жатыр», – деп растады полиция.