Белгілі журналист Гүлмира Әбіқай желідегі парақшасында жаңа видео жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Журналистің айтуынша, ол бұл материалды жекесіне келген өтініш бойынша қаз-қалпында бөлісуге мәжбүр болған. Жарияланған хатта Түркістан облысы Жетісай ауданында тұратын отбасының жанайқайы баяндалады.
"Өз балам өзімді өлтірмекші. ҚР Ішкі істер министрі назарына! Елімізде тағы бір ақсақал өз ұлының қолынан өліп кетпесін деп жекеме келген хат пен видеоны қаз-қалпында жарияладым!
Сәлеметсіз бе? Түн ортасында жазып отырмын, кешіріңізші! Ағам папамды буындырып өлтірмекші болды, папам қашып шығып, туыстар 102 шақырған. Бірақ келген 102 ағамның таныстары екен, "Бәке, Бәке" деп тұрып, "өздеріңіз шешіңіздер" деген. Папам "жоқ, алып кетіңіздер" десе, ағам "қазір қайтып келіп өлтіремін" деген. Осы 3 желтоқсанда осылай шу шығарып, мамамды ұрып, үйден қуып жіберген еді. Ағам голосовой смспен мені де қорқытып жүрді өлтіремін деп. Маған жаңа жылға дейін уақыт, әкеңді де жинап ал деді, болмаса өлтіремін деді. Әпке, көмектесіңізші! Папам жаңа 102 алып кеткен соң, барып арыз жазайын десе, қабылдамапты. Ертең таңертең оны босатады екен, ол шықса анық өлтіреді, білемін мен оны. Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы. Өтініш сізден, көмектесіңізші", – делінген жазабада.