Logo
Іздеу
Айдарлар

"Соңғы кездері күнделік жазды, ол жерде Асанәлінің тағдыры жатыр" – Мереке Құлкенов

/
"Соңғы кездері күнделік жазды, ол жерде Асанәлінің тағдыры жатыр" – Мереке Құлкенов
ашық дереккөзден

Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов қазақ өнерінің алып тұлғасы Асанәлі Әшімовтің шығармашылық мұрасына жоғары баға берді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оның айтуынша, Асанәлі Әшімов – қазақ өнерін ең биік деңгейге көтерген санаулы тұлғалардың бірі.

"Асанәлі – қазақ өнерінің шырқау шегіне шыққан төрт-бес адамның бірі. Ол – өнер мен киноның өз Мұхтар Әуезові. "Ымырттағы махаббат" спектаклін көріп отырып жыламаған қазақты көрсем, көзім шықсын. Мұндай спектакльдерде, мұндай драматургияда тек Асанәлі сынды алыптар ойнауы керек. Жүзінші қойылымы сахналанғанда халықтың ерекше қуануы да тегін емес. Сол сәтте ол рөл ойнаған жоқ, өз тағдырын, өзін түсінбеген ортасына деген ішкі мұңын айтып тұрғандай әсер қалдырды. Асекең соңғы жылдары күнделік жанрында кітап жаза бастады. Бұл жанрда өтірік айту мүмкін емес. Себебі өтірік айтсаң, өз-өзіңді алдағаның. Ал Асанәлі сол күнделіктерді қандай терең, қандай шынайы жазды! Ол жазбаларда қаншама адамның жүрегі, мінезі, тағдыры жатыр", – деді Мереке Құлкенов.