Logo
Іздеу
Айдарлар

Досаев «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды

/
Досаев «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды
Сурет: ашық дереккөзден

Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Ерболат Досаев «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Досаев Ерболат Асқарбекұлы – «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары», - делінген қордың сайтында.

Еске сала кетейік, 19 қыркүйекте Досаев Президент аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалған болатын.

Ол 24 мамырда 2022 жылдың қаңтарынан бері атқарып келген Алматы әкімі лауазымынан кетті. Оған дейін, 2019 жылдың ақпанынан бастап Досаев Ұлттық банк төрағасы болған еді.