Logo
Іздеу
Айдарлар

Күтпеген жаңалық! Шымкенттегі дәретханалар әлемдік рейтингте үздік атанды

/
Күтпеген жаңалық! Шымкенттегі дәретханалар әлемдік рейтингте үздік атанды
видеодан скриншот

Шымкент қаласында орнатылған смарт-дәретханалар World Toilet Summit 2025 халықаралық саммитінде әлемдегі ең үздік жоба ретінде танылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Дереккөздің жазуынша, жоба гигиена деңгейі мен қолжетімділігі үшін жоғары бағаланды. Шымкенттегі смарт-дәретханаларда толықтай цифрлы жүйе енгізілген: сенсорлы қолжуғыштар, дәретханалар және өзге де элементтер тікелей жанасуды азайтып, тазалық деңгейін арттырады.

"Бағалау кезінде гигиеналық талаптарға ерекше мән беріледі. Бізде қол жуғыштан бастап дәретханаға дейінгі барлығы сенсорлы. Бұл жанасуды азайтып, гигиенаны күшейтеді", – деді жоба директоры Мақсат Әлиханов.

Қазіргі таңда Шымкентте осындай бес смарт-дәретхана жұмыс істеп тұр. Оларда ауаны автоматты тазалау жүйесі, душ кабиналары және балаларға арналған күтім үстелдері қарастырылған.