Logo
Іздеу
Айдарлар

"Жаңа жылға дейін шешіледі": Зеленский Украина тарихындағы маңызды кездесуді өткізбек

/
"Жаңа жылға дейін шешіледі": Зеленский Украина тарихындағы маңызды кездесуді өткізбек
president.gov.ua. Суретте: Владимир Зеленский

Украина президенті Владимир Зеленский Украинадағы ахуалға қатысты маңызды шешімдер Жаңа жылға дейін қабылдануы ықтимал екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Зеленскийдің айтуынша, алдағы күндері АҚШ президенті Дональд Трамппен жоғары деңгейдегі кездесу өтуі мүмкін. Бұл жөнінде ол өзінің Telegram арнасында жазды.

Мемлекет басшысы АҚШ-пен келіссөздерге жауапты украин делегациясының жетекшісі, Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеровпен болған кездесудің нәтижелері туралы хабардар етілгенін айтты.

"Бір күнді де жоғалтпаймыз. Жақын арада Трамппен ең жоғары деңгейдегі кездесуге келістік. Жаңа жылға дейін көп нәрсе шешілуі мүмкін", – деп жазды Зеленский.