Logo
Іздеу
Айдарлар

"Серілік құрып жүрген кезең еді...": Танымал әнші Сәкен Қалымов отбасындағы сұмдықты айтты (ВИДЕО)

/
"Серілік құрып жүрген кезең еді...": Танымал әнші Сәкен Қалымов отбасындағы сұмдықты айтты (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Танымал композитор Сәкен Қалымов "Бүгін live" бағдарламасына берген сұхбатында жеке өміріндегі күрделі жағдайлар туралы ашық баяндады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Өнер иесінің айтуынша, жастық шағында серілік өмір салтын ұстанып, соның салдарынан отбасынан айырылып қалған. Қазір ол сол кезеңдегі қателіктің салмағын терең сезінетінін айтып, жары мен ұлының өзіне салқын қарайтынын жасырмады.

"Алдарынан өтейін деп арнайы Астанаға іздеп бардым. Мен жарымды да, баламды да кінәлаудан аулақпын. Қателік менен болды. Ол кезде жеңілтек өмір сүрдік, басқаша орта болды. Серілік құрып жүрген кезең еді, көп дүниеге атүсті қарадық. Астанаға мені құшақ жая қарсы алады деп барған жоқпын, әрине, бірақ тіл табыса алмадым. Мені қабылдамады. Енді дұғада боламын, бұйырған күні бәрі жақсы болар деген үміттемін. Ұлым анасымен бірге Астанада тұрады", – деді әнші.

Сәкен Қалымов бұл жағдайдан сабақ алғанын айтып, отбасындағы жараның жазылуы тек уақыт пен сабырды қажет ететінін де атап өтті.