Logo
Іздеу
Айдарлар

"Тұңғышбай Жаманқұлов, Нұрғали Нүсіпжанов..." – Тоқаев бүгін кімдерді марапаттады?

/
"Тұңғышбай Жаманқұлов, Нұрғали Нүсіпжанов..." – Тоқаев бүгін кімдерді марапаттады?
Alash.kz коллажы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны тағайындау туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Құжатқа сәйкес, аталған мемлекеттік марапат отандық әдебиет пен өнердің дамуына айрықша үлес қосқан шығармашылық зиялы қауым өкілдеріне берілген.

Мемлекеттік қолдау шарасы қаламгерлер мен өнер қайраткерлерінің еңбегін ынталандыруға, сондай-ақ Қазақстанның мәдени әлеуетін арттыруға бағытталғаны атап өтілді.

Стипендия иегерлері қатарында белгілі ақын-жазушылар, театр және кино өнерінің майталмандары бар. Атап айтқанда, марапат Олжас Сүлейменов, Жандарбек Мәлібекұлы, Мырзатай Жолдасбеков, Бибігүл Төлегенова, Тұңғышбай Жаманқұлов, сондай-ақ өнер мен мәдениет саласында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен өзге де тұлғаларға бұйырды.