Logo
Іздеу
Айдарлар

Енді еркек ажырасқан әйеліне үй алып беруге міндетті – заң қабылданды

/
Енді еркек ажырасқан әйеліне үй алып беруге міндетті – заң қабылданды
ашық дереккөзден

Өзбекстан Сенаты ажырасқаннан кейін ер азаматтарды бұрынғы әйелдерін баспанамен қамтамасыз етуге міндеттейтін заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Дереккөздің мәліметінше, егер бұрынғы күйеуінің жеке тұрғын үйі болса, ол экс-жұбайына тұруға жарамды баспана ұсынуға тиіс. Ал егер оның меншігінде жылжымайтын мүлік болмаса, әйелге жалдамалы тұрғын үйдің ақысын төлеуге міндеттеледі.

Аталған заң ажырасқан әйелдерді әлеуметтік тұрғыда қорғауға бағытталған. Бұған дейін көптеген әйелдер ажырасқан соң баспанасыз қалып келген. Заң шығарушылар бұл шешімді елдегі гендерлік теңдікті нығайту жолындағы маңызды қадам ретінде бағалап отыр.

Сонымен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына қатысты тағы бір маңызды өзгеріс енгізілді. Енді мұндай жағдайда міндетті татуластыру (медиация) рәсімі алынып тасталды. Бұл жәбірленушілерге ажырасу процесін жеңілдетіп, құқықтарын қорғауға қолжетімділікті арттырмақ.