Logo
Іздеу
Айдарлар

Жағдай ушығып барады: Трамп соққы жасауға бұйрық берді деген хабар тарады (ВИДЕО)

/
Жағдай ушығып барады: Трамп соққы жасауға бұйрық берді деген хабар тарады (ВИДЕО)
видеодан скриншот

Венесуэла астанасы Каракаста жарылыстардың болғаны туралы хабар тарады. АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп Венесуэла аумағындағы нысандарға, соның ішінде әскери объектілерге соққы жасау жөнінде бұйрық берген. Бұл туралы америкалық ресми тұлғалар серіктес телеарна – CBS News-ке мәлімдеген.

Бұған дейін Каракаста бірнеше жарылыстың дауысы естілгені хабарланған еді.

Венесуэлада төтенше жағдай режимі енгізілді. Бұл жөнінде ел басшысы Николас Мадуро мәлімдеді.

Ел үкіметінің хабарламасында:

"Венесуэла қазіргі Америка Құрама Штаттары үкіметінің Венесуэла аумағына қарсы жасаған аса ауыр әскери агрессиясын қабылдамайды, айыптайды және бұл туралы халықаралық қауымдастыққа мәлімдейді", – делінген.

Оқиғаға байланысты жағдай дамып жатыр, ресми деректер нақтылануда.