Logo
Іздеу
Айдарлар

Қаралы хабар! Ресейде әскери адамдар өзбек жігітін ұрып, өлтіріп қойды

/
Қаралы хабар! Ресейде әскери адамдар өзбек жігітін ұрып, өлтіріп қойды
Inseyder

Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Ресейдің Хабаровск қаласында ОМОН қызметкерлері Өзбекстан азаматтарын соққыға жықты деген ақпаратқа байланысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Әлеуметтік желілерде тараған дерекке сәйкес, 2025 жылғы 12 желтоқсанда қаладағы дәмханалардың бірінде жүргізілген рейд кезінде бірнеше өзбекстандыққа күш қолданылып, екеуі комаға түскен, кейін олардың біреуі көз жұмғаны айтылған.

Осы оқиғаға байланысты Өзбекстан СІМ РФ-ның тиісті органдарына ресми нота жолдағанын хабарлады. Қайтыс болған азаматқа қатысты жағдайды Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, сондай-ақ Владивостоктағы Өзбекстанның Бас консулдығы мен Миграция агенттігі бақылауға алған.

Бас консулдық марқұмның туыстарымен тұрақты байланыста болып, консулдық және практикалық көмек көрсетіп жатыр. Сондай-ақ азаматтың мәйітін отанына жеткізу шаралары қабылдануда.

Министрлік мәліметінше, Өзбекстанның Бас консулдығы Хабаровск өлкесінің прокуратурасына, тергеу басқармасына және РФ СІМ-нің Хабаровск өлкесіндегі өкілдігіне нота жолдап, оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, объективті әрі заң аясында тексеруді сұраған.

"Қазіргі таңда азаматтың өлім себептері жөнінде ресми түрде расталған ақпарат жоқ. Тиісті органдардан нақты деректер түскен сайын қоғамға қосымша мәлімет беріледі. Әлеуметтік желілерде айтылған екінші азаматқа қатысты ақпарат расталмады", – делінген Өзбекстан СІМ хабарламасында.