Logo
Іздеу
Айдарлар

Орны толмас қаза! Елге есімі танымал дәрігер 40 жасында дүниеден өтті (ФОТО)

/
Орны толмас қаза! Елге есімі танымал дәрігер 40 жасында дүниеден өтті (ФОТО)
ашық дереккөзден

Алматы қалалық кардиология орталығының жоғары санатты дәрігер-аритмологы, медицина саласының үздігі, PhD, "Bolashaq" халықаралық бағдарламасының түлегі Ғани Төлепбергеновтің мезгілсіз қайтыс болғаны белгілі болды, деп хабарлайды kznews.kz.

Марқұм Lithuanian University of Health Sciences университетінде білім алып, еңбек жолын Алматы қалалық кардиология орталығында жалғастырды. Жүрек ырғағының бұзылыстарын емдеу саласында білікті маман ретінде танылған ол көптеген науқастың өмірін сақтап қалуға сүбелі үлес қосты.

Ғани Төлепбергенов қоғамдық жұмыстарға да белсенді араласып, "Bolashaq" түлектері Қауымдастығы кеңесінің мүшесі, Медицина клубының көшбасшысы болды. Әріптестерімен бірге өңірлерді аралап, дәрігерлерді жұмылдырып, халыққа тегін медициналық кеңес пен көмек көрсету ісін ұйымдастырды.

Оны әріптестері мен замандастары өз ісіне адал, жауапкершілігі жоғары, адамгершілігі мол азамат ретінде еске алады. Ғани Төлепбергеновтің мезгілсіз дүниеден өтуі медицина қауымдастығы мен қоғам үшін орны толмас ауыр қаза болды.

Марқұмның отбасы мен жақындарына, әріптестері мен туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.