Өмір кейде адамды ұзақ сынап, ең үлкен сыйын күтпеген сәтте ұсынады. 70 жастағы қарияның бұл оқиғасы – соның айқын дәлелі. Жеті қыздан кейін, араға 45 жыл салып, ол ақыры ұл сүйді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Әкенің айтуынша, тұңғыш қызы 1981 жылы, ал кенже қызы 1992 жылы дүниеге келген. Ал 2025 жыл оған көптен күткен қуанышты сыйлады.
"Қыздарым келгенде үйіміз думанға айналады. Бірі жейде әкелсе, бірі бөрік әкеледі. Ұлды еркелетіп, "бізге ұқсайды" деп мәз болады", – дейді қария жүзінен күлкі кетпей.
Ол сондай-ақ ауыр, бірақ шынайы естеліктерін де жасырмайды. Жұбайының перзентханада көз жасына ерік беріп, "тағы да қыз" деп мұңайған сәттерін еске алған қария оны жұбатып:
"Алтыншы бала да қыз болса, өмірімізге ренжимін деп әзілдедім", – дегенін айтады.
Бүгінде ол өмірінің ең шүкіршілікке толы кезеңін бастан өткеріп отырғанын жеткізді. Қыздары, немерелері, тіпті өзінен бір жас кіші үшінші шөбересі бар ұлы жайлы әзілдей отырып:
"Мұны "нағашы" деп атауға да келмейді", – деп жұртты күлдіреді.