Logo
Іздеу
Айдарлар

2025 жылы Тоқаев Қазақстан өңірлерінен гөрі шетелге көп барған (ФОТО)

/
2025 жылы Тоқаев Қазақстан өңірлерінен гөрі шетелге көп барған (ФОТО)
Ақорда. Суретте: Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы Қазақстан өңірлеріне қарағанда, шетелге жиірек сапарлаған. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы әрі көмекшісі Руслан Желдібай жыл қорытындысында мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Берілген мәліметке сәйкес, биыл Президент Қазақстанның 9 өңіріне жұмыс сапарымен барған. Ал шетелге 23 рет іссапар жасаған.

Оның ішінде ҚХР, Иордания, Түркия, Қырғызстан және Жапонияға бес мәрте ресми сапар жүзеге асқан. Ресей мен Өзбекстанға мемлекеттік деңгейдегі сапарлар ұйымдастырылған.

Сонымен қатар Президент Ресейге (екі рет), АҚШ-қа (екі рет), Түрікменстанға (екі рет), БАӘ-не, Өзбекстанға, Әзербайжанға, Тәжікстанға және Қырғызстанға барлығы 16 жұмыс сапарымен барған.