Logo
Іздеу
Айдарлар

"Қызы мен күйеу баласы шетелде жүр": Атырауда жоғалған отбасы жайлы ел естімеген дерек шықты

/
"Қызы мен күйеу баласы шетелде жүр": Атырауда жоғалған отбасы жайлы ел естімеген дерек шықты
ашық дереккөзден

Атырау облысында төрт адамның жоғалу дерегіне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл жөнінде облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құттыбай Садықов мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оның айтуынша, 25 желтоқсанда төрт адамның хабар-ошарсыз кеткені туралы ақпарат түскен сәттен бастап ауқымды іздестіру шаралары қолға алынған.

"Аталған факт бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, екі немесе одан да көп адамның жоғалуы "Адам өлтіру" бабы бойынша сараланады. Осыған орай, қазіргі уақытта жоғалған отбасының қайда екенін анықтау және оларды табу үшін барлық қажетті жедел-іздестіру және тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деді Садықов.

Тергеу барысында барлық медициналық мекемелер, соның ішінде жекеменшік клиникалар да тексерілуде. Сондай-ақ жоғалған азаматтардың ұялы телефондарынан Қазақстан аумағында бірнеше рет сигнал тіркеліп, қосылып-сөндірілгені анықталған. Соңғы рет байланыс Шымкент қаласында байқалған.

Іздестіру жұмыстарын тиімді үйлестіру мақсатында арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, оған Ішкі істер министрлігінің мамандары да тартылған.

Бұдан бөлек, қазіргі таңда аталған отбасының кіші қызы мен күйеу баласының шетелде жүргені белгілі болған. Алайда олардың жоғалуына қатысты туыстарынан ресми арыз түспеген. Соған қарамастан, құқық қорғау органдары бұл дерек бойынша да тексеру жұмыстарын бастаған.