Марқұм актриса Раиса Мұхамедиярова сұлулығы мен таланты арқылы көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленген еді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Ханшадай көрікті актрисаға әйгілі жазушы Ғабит Мүсірепов ғашық болып, араларындағы жас айырмашылығына қарамастан, екеуі шаңырақ көтерген. Ол кезде Раиса Мұхамедиярова небәрі 25 жаста болса, жазушы алпыстың үстінде еді. Алайда сегіз жылға созылған некелері ұзаққа бармай, ажырасумен аяқталған. Актрисаның айтуынша, отбасының шайқалуына негізсіз өсек-аяң себеп болған.
"Өзімнің тазалығымды білемін. Қанша жігіттер қасымда жүрсін, солармен ішіп жүрейін, бірақ төсекке ешкім мені жатқыза алмайды. Себебі, мына жерде Ғабең жүрді. Ғабеңнің алдында мен тазамын. Жұрт не десе де, өзі не ойласа да..." – дейді Раиса Мұхамедиярова.
Жазушы мен актриса бірге екі қыз тәрбиелеп өсірген. Ал Раиса Мұхамедиярова бұл некеден кейін өмірін ешкіммен байланыстырмай, жалғыз қалған.