Logo
Іздеу
Айдарлар

"Қыз бала да сол маңда жатыр": Елге белгілі көріпкел ел естімеген шындықты жеткізді (ВИДЕО)

/
"Қыз бала да сол маңда жатыр": Елге белгілі көріпкел ел естімеген шындықты жеткізді (ВИДЕО)
Malim.kz коллажы

Атырауда із-түзсіз жоғалған отбасыға қатысты болжам жасаған танымал экстрасенс Камрян Самедов бұл оқиғаға байланысты көңіл көншітпейтін ақпарат айтқан. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбілқай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Журналистің мәліметінше, экстрасенс жоғалған отбасы жөнінде үміт сыйлайтын дерек келтірмеген. Айтылған мәліметтің мазмұны тым ауыр болғандықтан, оның толық нұсқасы көпшілікке жария етілмеген.

"Белгілі экстрасенс Камрян жоғалған отбасы жайлы жағымды ештеңе айтпады. Қорқынышты… Мұндай ақпаратты жұртқа жеткізуге менің де жүрегім дауаламады", – деп жазды журналист.

Сонымен бірге, көріпкел Айгүл де бұл жағдайға қатысты өз болжамын білдірген. Оның айтуынша, қыз баланың сол аумақтан табылуы ықтимал.

"Кеше қаралы хабарды естідім, иманды болсын. Менің көруімше, қыз бала да сол маңда. Қазір үш адамды көріп тұрмын. Ал ер балаға қатысты нақты ештеңе айта алмаймын", – деді ол.