Logo
Іздеу
Айдарлар

"Ерлі-зайыптыны өлтіріп, қораға тығып, ізін жасырған кімдер?" – Күдіктілер туралы тың дерек (ВИДЕО)

/
"Ерлі-зайыптыны өлтіріп, қораға тығып, ізін жасырған кімдер?" – Күдіктілер туралы тың дерек (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Белгілі журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасында Атырау облысында жоғалған отбасыға қатысты жаңа жазба жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Журналистің жазуынша, аталған қылмыстық істі тергеу барысында 1959 жылы туған Максот Қарабалин мен оның жұбайы Насип Өтешқалиеваның мәйіттері табылғаны жөнінде ақпарат тараған.

"Атырау облысында жоғалып кеткен отбасыға қатысты қылмыстық істі тергеу барысында 1959 жылы туған Максот Қарабалин мен оның жұбайы Насип Өтешқалиеваның мәйіттері табылғаны жөнінде ақпарат тарады. Мәліметтерге сәйкес, мәйіт үйдің ауласында орналасқан қораның ішінен табылған. Ерлі-зайыптыны өлтіріп, қораға тығып, ізін жасырған кімдер? Үйдің ұлы мен қызы қайда? Жұмбақ өлімнің артында кім тұр? Құзырлы органнан жауап күтеміз!" – деп жазды Руслан Өтепбай.