Журналист Жанат Молдашова Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында Атырауда кісі қолынан қаза тапқан марқұм Мақсот Мұқанғалиевтің туысы Шалқар Мұқанғалиевпен жүргізілген сұхбатты жариялады, деп Arasha.kz.
Сұхбат барысында Шалқар Мұқанғалиев Мейрамгүлдің ауылдан қалай кеткенін баяндаған. Оның айтуынша, қыз бен күйеу бала 2 қараша күні таксимен келіп, 5 қарашаға дейін болған.
"Оларды алып кеткен такси жүргізушісі соны айтып отыр. Бірақ олардың қасында Мақсот ағам мен Нәсіп жеңгем болмаған. Тек Мейрамгүл ілесіп кеткен. Ауыл халқы таңда малды шығарып жібереді де, үйлеріне кіріп, күні бойы телефонмен алданады ғой. Ешкім ешкімді іздемейді. Екісі мен бесінің аралығында қорадағы қойды кім шығарып, кім қамағанын да біле алмай отырмыз ғой. Мақсот ағам өзі шығарды ма, Нәсіп жеңгем қамады ма, ештеңе білмейміз. Ешкім көрмеген. Тек бесі күні ғана ауылдан таксимен шыққаннан кейін көршіге "Малды қамай салшы" деп жазған. 5 қарашада түскі сағат 14:00 кезінде таксимен шығып, кешкі бес жарым – алтыларда Атырауда, Геологта болған", – деді Шалқар Мұқанғалиев.