Logo
Іздеу
Айдарлар

Тәжікстан мен Өзбекстан Қазақстанды айналып өтетін жобаны іске қосты

/
Тәжікстан мен Өзбекстан Қазақстанды айналып өтетін жобаны іске қосты
Сурет: ЖИ

Тәжікстан мен Өзбекстан «Қытай – Тәжікстан – Өзбекстан – Түрікменстан – Иран – Түркия – Еуропа» мультимодалды дәлізін пайдалану бойынша пилоттық жобаны бастайды. Бұл туралы Тәжікстанның Көлік министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Осы пилоттық жоба аясында толық тиелген 10 жүк көлігінен тұратын тізбек Өзбекстаннан Тәжікстан арқылы Қытайға жол тартады.

Екі елдің көлік министрлері Азим Иброхим мен Ильхом Махкамов жақында өткен келіссөздер барысында осы мәселе бойынша келісімге келді. Енді Душанбе мен Ташкент жаңа мультимодалды дәліз арқылы Қытайға бірлесіп жүк тасымалдауды бастай алады.

Жүк тасымалдауға арналған рұқсат қағаздары электронды түрде берілетіні атап өтілді.

Бұл дәліз алғаш рет 2022 жылы Душанбеде өткен «Логистика және оның Тәжікстан мен аймақ елдері арасындағы көлік қатынастарын дамытудағы басымдықтары» атты халықаралық конференция аясында таныстырылған болатын.

Сонымен қатар, Өзбекстан мен Тәжікстан шекарасында, Самарқанд облысының Ургут ауданында орналасқан «Жартөбе – Саразм» шекара өткелінің өткізу мүмкіндігін арттыру жоспарлануда.

Ол жерде құжаттарды бірден тіркеу арқылы күніне 100-ге дейін жүк көлігіне қызмет көрсете алатын жаңа логистикалық орталық құрылады.

Бұдан бөлек, шекараға жақын маңда мынадай нысандар бой көтереді:

Күніне 150-200 адамға медициналық көмек көрсететін диагностикалық орталық;

800 кәсіпкерге арналған сауда кешені.

Тәжікстан азаматтары бұл коммерциялық және медициналық қызметтерді «паспорттық бақылаудан өтпей-ақ, артық құжаттар рәсімдеусіз және ұзын-сонар кезексіз» пайдалана алады.

Комиссия сондай-ақ халықаралық автомобиль тасымалына арналған рұқсат бланкілерінің санын көбейту және оларды электронды форматқа көшіру мүмкіндігін қарастырды.