Logo
Іздеу
Айдарлар

Жангелдиндегі жоғалу ісі: Полиция күдіктінің ескі мекенжайын тексеруде

/
Жангелдиндегі жоғалу ісі: Полиция күдіктінің ескі мекенжайын тексеруде
ашық дереккөзден

Атырау облысының Жангелдин ауылынан жоғалған тұрғындарға қатысты қозғалған іс бойынша іздестіру және тергеу амалдары әлі де жалғасып жатыр. Қазіргі кезеңде негізгі жұмыстар күдікті бұрын мекендеген Геолог ықшамауданында жүргізілуде. Бұл туралы Arasha.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Наурыз бен Мирамгүлді іздеу бес күннен аса уақыттан бері тоқтаған жоқ. Аталған аумақта полиция мен Ұлттық ұланның шектеулі құрамы жұмылдырылып, арнайы жылжымалы штаб ұйымдастырылған. Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, бұған дейін кең көлемде іздестіру шаралары өткізілгенімен, тергеу жұмыстары бір сәтке де тоқтатылмаған.

Полиция өкілдерінің бірі аты-жөнін атамауды сұрап, қазіргі таңда оқиғаның барлық ықтимал нұсқалары мұқият қарастырылып жатқанын жеткізді. Соның ішінде күдіктінің бұрын тұрған мекенжайына қатысты болжамдар да бар.

Геолог ықшамауданының таңдалуы да бекер емес. "Ақ Жайық" басылымының дерегінше, күдікті Сұлтан Сәрсемалиев жұбайы Ақбаянмен бірге осы аумақтан айына 50 мың теңгеге уақытша баспана жалдап тұрған. Ерлі-зайыпты аталған үйде белгілі бір уақыт өмір сүрген.