Атырау облысындағы бір отбасының із-түссіз жоғалып кетуіне байланысты қоғамда түрлі ақпараттар мен деректер тарала бастады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Осы іс барысында өзін "атыраулық хакер" деп таныстырған блогер жігіт те мәлімдеме жасап, қоғамда үлкен резонанс тудырған еді. Жақында блогер тағы бір мәрте өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында жаңа жазбасын жариялады.
"Жалпы осы іске араласып, хакер дым үлес қоспады дейді. Бірақ өздері іздеуді дұрыс жасауда ма? Кім не байқады? Официально берген розысктері ғой", – деп жазды блогер.