Logo
Іздеу
Айдарлар

Шымкентте 21 жастағы қызды өзінің танысы пышақтап, өлтіріп кеткен (ВИДЕО)

/
Шымкентте 21 жастағы қызды өзінің танысы пышақтап, өлтіріп кеткен (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

11 қаңтар күні Шымкент қаласында 21 жастағы қыз пышақ жарақатынан көз жұмды. Бұл ақпаратты қалалық полиция растады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Полицияның мәліметінше, кісі өліміне қатысты күдіктінің жеке басы анықталған.

"Аталған дерек бойынша полиция кісі өлтіру фактісімен қылмыстық іс қозғады. Күдіктінің жеке басы анықталды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол марқұммен бұрын таныс болған. Қазіргі уақытта оны ұстауға және қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған барлық қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", – делінген Шымкент қалалық полиция департаментінің хабарламасында.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда.