Белгілі журналист Жанат Молдашова желідегі парақшасында Атырау облысындағы трагедияға қатысты жаңа видео жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.
"Қаралы отбасы мына жауыздықтан естерін жия алмай жатыр. Жангелдин халқы үрейде отыр. Ағайын-туыс қаскөй қылмыскерді тезірек құрықтауды талап етеді. "Марқұмдар сарайдан қалай табылды? Оған дейін тінту жүргізілді ғой" деген сұрақпен мыңдаған адам мазалады. Оқиға басталғалы басы-қасында жүрген, марқұм Мақсот ағамыздың інісі Шалқар біраз сауалдарыма жауап берді. Өте ауыр жағдай. Бірақ қоғамның трагедиясы болғандықтан айтылуы, жазылуы керек. Қазалы отбасының туыстарына қандай жұбату сөз айтарыңды да білмейсің?!" – деп жазды Жанат Молдашова.
Осыдан кейін журналист Мақсот Қарабалиннің інісі Шалқар Мұқанғалиевпен сұхбаттасқан видеосы жариялады.
"Нәсіп жеңгеміздің ағайын-туыстарының чаттарына жіберген аудиосы бар. Сол аудио хабарламаларының бірін 7 қараша күні жіберген. Күдік тудырмас үшін... Қалай болғанда да, біреу жіберіп тұр... Қазіргі таңда телефонның бәрі Сұлтанда болды деп тұр ғой. Сол Сұлтан жіберіп тұрған шығар деп ойлап тұрмыз", – деді Шалқар Мұқанғалиев.