Logo
Іздеу
Айдарлар

"Мінез көрсету керек, айтқаныңды істету керек": Жазира Байырбекова күйеуі туралы батыл сөз айтты (ВИДЕО)

/
"Мінез көрсету керек, айтқаныңды істету керек": Жазира Байырбекова күйеуі туралы батыл сөз айтты (ВИДЕО)
instagram/zhazira_bairbekova. Суретте: Жазира Байырбекова мен Жанболат Ербатыров

Танымал әнші Жазира Байырбекова отбасылық өмірге қатысты ойын бөлісті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Әншінің айтуынша, ол жолдасы Жанболатқа бір аптаға демалысқа барып қайтуды ұсынғанымен, жұбайы бұл ойды қолдамаған. Өзі қызын ертіп жеке барғысы келгенімен, бөлек жүріп көрмегендіктен, одан да бас тартқанын жазады.

"Демалысқа 1 аптаға барып келейікші" десем Жанболат барғысы келмеді. Өзім қызымды алып барып келейін десем бөлек жүріп үйренбегенбіз. "Мінез көрсету керек, айтқаныңды істетуің керек" дегенді көп естиміз. Ренжиін десем санамдағы "шүкіршілік", "қанағат", "тәубе" жеңіп кетіп жатыр. Оның үстіне, тұрмысқа шығарда "шет елдерге қыдыртып тұрам" деп уәде берген жоқ қой маған... Отбасы сабырмен, шыдамдылықпен сақталатыны соңғы кезде көп айтылмайтын болды. Демалысқа апармадың деп күйеуіне ренжіп жүргендерге және мен сияқты ренжиін деп ренжімей қалғандарға,немесе ренжиін ба ренжімей-ақ қояйын ба деп жүргендерге мен сіздермен біргемін деп жазып жатқаным ғой", – деп жазды Жазира Байырбекова.

Желі қолданушылары әншінің бұл жазбасын жылы қабылдап, пікірлерде қолдау мен әзілге толы тілектерін қалдырды.