Logo
Іздеу
Айдарлар

"Шаруаларың болмасын! Өзім жауап беремін!" – Атыраудағы жоғалған отбасының ұлының соңғы хаты жария болды (ВИДЕО)

/
"Шаруаларың болмасын! Өзім жауап беремін!" – Атыраудағы жоғалған отбасының ұлының соңғы хаты жария болды (ВИДЕО)
Alash.kz коллажы

Атырау облысы Жангелдин ауылында із-түзсіз жоғалған отбасыға қатысты жаңа деректер белгілі болды. Жақындарының айтуынша, бауырлары жоғалып кеткен кезеңде олармен тек WhatsApp арқылы ғана хат-хабар алмасқан, деп хабарлайды Alash.kz.

Өз сарайынан мәйіті табылған Мақсот Қарабалиннің туған қарындасы Әдемі Шылмағамбетова оқиғаның қалай өрбігенін айтып берді. Оның сөзінше, қараша айының басында отбасының ұлы Наурыз әпкесіне отбасындағы жанжалдар жайлы WhatsApp арқылы хабарлама жолдаған. Сол кезден кейін байланыс үзіліп, Әдемі Шылмағамбетова өзі хабарласуға тырысқан.

Оның айтуынша, сол уақытта отбасы мүшелерінің ішінде тек Наурыздың ғана нөмірі қосулы болған.

"Дым қалдырмай уақ малдарын сатып жіберіпті дегесін, мен қайтадан Наурызға шықтым. "Әй, Наурыз, не істеп жатсыңдар? Уақ малдарыңды сатып жіберді деп айтып жатыр. Өздері жоқ деп айтады ғой. Қайда кеттіңдер?" дедім. Телефонмен соқтым ғой. Сосын ол маған былай жазыпты. "Апамды Ташкентке алып кеттік. Емдетуге" деді. Сосын тағы бір айналып, тағы соқтым.  "Әй, Наурыз! Ташкентте қайда алып кеттіңдер? Больницада ма? Санаторияда ма? Қайда?" деп едім. "Ағайындарда, таныстың үйінде" деді. Телефонмен сөйлеспейді. Уатсаппен жазады. Телефон соқсам, бірден ответ бермейді. Тағы айналып, тағы соқтым. "Әй, айналайын, не істеп жатсыңдар?". "Жоқ. Апам деген массаж алып жатыр. Анализ тапсырып жатыр. Емделіп жатыр" деді. Сосын мен айттым. "Еліңде малың бар. Үйіңде газ жанып тұр. Тәтең мен Мейрамгүлді ауылға жібер. Сен мамаңның қасында бол. Емдет. Апаңның емі қашан бітеді" дедім. "Декабрьдің 10-ында ауылға шығамыз" деді. Сосын, енді уже декабрь өтіп кетті. 10-дары болып қалыпты. "Әй, Наурыз не істеп жатсыңдар. Қайдасыңдар?". "Тәтемнің танысының үйіндеміз" деді. Тәтесінде қайдағы Ташкентте таныс?! Сеніп қалып тұрмын ғой енді", – деді Әдемі Шылмағамбетова.