Logo
Іздеу
Айдарлар

"Неге дүрліктіріп жатырсыз?" – Атырауда жоғалған отбасының ұлы жазған хаттар жария болды (ВИДЕО, ФОТО)

/
"Неге дүрліктіріп жатырсыз?" – Атырауда жоғалған отбасының ұлы жазған хаттар жария болды (ВИДЕО, ФОТО)
Коллаж: Qaz365.kz

Атырау облысы Жангелдин ауылында із-түзсіз жоғалып кеткен отбасының туыстары бауырларымен байланыс үзілген кезеңде олармен тек WhatsApp мессенджері арқылы ғана хат алмасқанын айтқан, деп хабарлайды Arasha.kz.

Өз қорасынан өлі күйінде табылған Мақсот Қарабалиннің туған қарындасы Әдемі Шылмағамбетова қайғылы оқиғаның қалай өрбігенін баяндап берді. Оның айтуынша, қараша айының басында отбасының ұлы Наурыз әпкесіне отбасындағы жанжалдар жөнінде хабарлама жолдаған. Алайда сол жазбадан кейін жақындарымен байланыс мүлде үзілген.

Алаңдаушылық білдірген Әдемі Шылмағамбетова біраз уақыттан соң Наурызға өзі қоңырау шалған. Сол сәтте отбасы мүшелерінің ішінде тек Наурыздың ғана телефоны қосулы болғаны анықталған.

"Дым қалдырмай уақ малдарын сатып жіберіпті деген соң, мен қайтадан Наурызға хабарластым. "Әй, Наурыз, не істеп жатырсыңдар? Уақ малдарыңды сатып жіберді деп айтып жатыр. Өздері жоқ деп айтады ғой. Қайда кеттіңдер?" дедім. Телефон соқтым ғой. Сосын ол маған былай деп жазды: "Апамды Ташкентке алып кеттік. Емдетуге" деді. Сосын тағы бір айналып, тағы соқтым. "Әй, Наурыз! Ташкентте қайда алып кеттіңдер? Больницада ма? Санаторияда ма? Қайда?" деп едім. "Ағайындарда, таныстың үйінде" деді. Телефонмен сөйлеспейді, "What’sApp"-пен жазады. Телефон соқсам, бірден жауап бермейді. Тағы айналып, тағы соқтым. "Әй, айналайын, не істеп жатырсыңдар?" дедім. "Жоқ. Апам деген массаж алып жатыр. Анализ тапсырып жатыр. Емделіп жатыр" деді. Сосын мен айттым: "Еліңде малың бар. Үйіңде газ жанып тұр. Тәтең мен Мейрамгүлді ауылға жібер. Сен мамаңның қасында бол. Емдет. Апаңның емі қашан бітеді?" дедім. "Желтоқсанның 10-ында ауылға шығамыз", – деді марқұм Мақсот Қарабалиннің қарындасы.