Әлеуметтік желіде Атырау облысында жоғалған отбасының тағдырына қатысты түрлі нұсқаларды таратқан, өзін "хакер" деп таныстырған азаматқа халықаралық іздеу жарияланды. Бұл ақпаратты өңірлік полицияның баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Өзін әлеуметтік желілерде "Атыраулық хакер" деп таныстырған ер адам оқырмандарына халықаралық іздеуде жүргенін өзі айтқан. Атырау облыстық полиция департаменті бұл мәліметті ресми түрде растады.
Құқық қорғау органдарының нақтылауынша, аталған азаматқа қатысты іздеу шаралары алаяқтық дерегі бойынша жүргізіліп жатыр және бұл іс Атырау облысында жоғалған отбасы туралы қылмыстық іске қатысы жоқ.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті қазіргі уақытта шетел аумағында бой тасалап жүр.