Атырау облысындағы ізім-ғайым жоғалып кеткен отбасының тағдыры мұқым қазақ елінің жанына батып отыр, деп хабарлайды Arasha.kz.
Іздестіру жұмыстарының басталғанына біршама уақыт өтсе де, әлі күнге дейін 4 адам табылмай жатыр. Аймақтағы мәселенің мән-жайын анықтап, халыққа ақпарат таратып жүрген журналист Жанат Молдашова Instagram желісіндегі ресми парақшасында жазба жариялады.
"Жангелдин ауылынан келе жатқанда, құзырлы органдарға хабарласып "үйдің дәретхана, септиктерін түгелдей ашып қарады ма?" деп сұрадым. "Бәрі тексерілді" деді", – делінген журналистің жазбасында.