Logo
Іздеу
Айдарлар

"Біз оның мұндай сөздер жазғанына сенбейміз": Атырауда жоғалып кеткен отбасыға қатысты тың дерек шықты

/
"Біз оның мұндай сөздер жазғанына сенбейміз": Атырауда жоғалып кеткен отбасыға қатысты тың дерек шықты
politico.kz коллажы

Істі зерттеп жүрген журналист Гүлмира Әбіқай Наурыз Мұқанғалиевтің жоғалуында күмәнді жайттар көп екенін айтады. Оның сөзінше, жігіт жаз мезгілінде "жұмысқа кетемін" деп үйден шығып, содан бері тек хат арқылы ғана байланысқа шыққан. Телефон соққандарына "қолым тимей жатыр" деп қысқа жазбамен жауап беріп отырған, деп жазады Politico.kz.

Соңғы күндері әлеуметтік желілерде Наурыз Мұқанғалиевтің нөмірінен жіберілген делінетін хабарламалардың скриншоттары тарады. Алайда марқұмдардың туыстары бұл жазбаларды Наурыздың өзі жазды дегенге сенбейді.

Аталған скриншоттар Instagram желісіндегі Qazaq Airan парақшасында жарияланған. Хабарламалар 2025 жылдың 27 желтоқсанымен белгіленген. Онда өзін Наурыз деп таныстырған адам туыстарына істің мән-жайына араласпауды сұрап, ата-анасына өзі жауапты екенін, үйленгенін және тыныш өмір сүргісі келетінін жазған.

Дегенмен, отбасы мүшелері бұл мәлімдемелер Наурыздың болмысына мүлде сәйкес келмейді деп отыр. Аты-жөнін жарияламауды өтінген туыстарының бірі мұндай хабарламалардың расымен келгенін растағанымен, олардың шынайылығына күмән бар екенін айтты.

«Наурыз ешқашан үйленген емес, ондай жоспары барын да айтпаған. Біз бұл сөздерді оның өзі жазды деп ойламаймыз. Біреу оның телефонын пайдаланған сияқты», – дейді туысы.

Бұл пікірді жақын туысы Ләззат Кенжегалиева де қолдайды. Оның айтуынша, Наурыз сабырлы, жұмсақ мінезді адам болған және ешқашан дөрекі, өктем түрде сөйлемейтін.

Туыстары тараған хабарламалар Наурыз Мұқанғалиевтің мінезіне де, өмір салтына да сай келмейтінін айтып, бұл жазбаларды кім және қандай мақсатпен жібергенін анықтауды талап етіп отыр.