Logo
Іздеу
Айдарлар

"Ұрып, шашынан сүйреген": Әнші Маржан Арапбаеваны күйеуі зорлық көрсетіп, ұрып-соққан

/
"Ұрып, шашынан сүйреген": Әнші Маржан Арапбаеваны күйеуі зорлық көрсетіп, ұрып-соққан
ашық дереккөзден

Әлеуметтік желілерде 2026 жылдың қаңтар айында болған оқиғаға қатысты мәлімет тарады: түнгі уақытта Ербол Нұрмұхамбетов қоғамдық орында дөрекі сөздер айтып, азаматтық жұбайы — танымал әнші Маржан Арапбаеваға күш көрсеткен деген ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Танымал  әнші Маржан Арапбаеваның күйеуі ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды.

Egov.press Telegram арнасының жазуынша, 2026 жылдың қаңтар айының басында түнгі уақытта Ербол Тілепбекұлы Нұрмұхамбетов қоғамдық орында бейәдеп сөздер айтып, азаматтық жұбайы – әнші Маржан Арапбаеваны шашынан сүйреген.

Сот шешімімен ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Ақпаратта айтылғандай, аталған әрекеттер қылмыстық құқықбұзушылық ретінде де бағалануы мүмкін болғанымен, сот әкімшілік шарамен шектелген.

Оқиғаға Астана қаласының Полиция департаменті де түсініктеме берді. Ведомство мәліметінше, қоғамдық орында балағат сөздер қолдану дерегі бойынша елорданың 43 жастағы тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар тұрғын үй ауласында азаматтық жұбайымен жанжал кезінде оған қатысты физикалық күш қолданғаны анықталған.

Аталған дерек бойынша қосымша түрде дене жарақатын келтіру фактісімен арыз тіркелді. Сот шешімімен ер адамға 10 тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Полиция кез келген агрессия мен физикалық күш қолдану әрекеттері қолданыстағы заңнама аясында дереу тоқтатылатынын еске салды.