Logo
Іздеу
Айдарлар

Жоғалған отбасы мүшелері қайда кетті: атыраулық хакер мәлімдеме жасады

/
Жоғалған отбасы мүшелері қайда кетті: атыраулық хакер мәлімдеме жасады
Arasha.kz коллажы / ЖИ

Атырау облысында жоғалып кеткен отбасыға қатысты жаңа мәлімет жарияланды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Өзін "Атыраулық хакер" деп таныстырған желі қолданушысы тың дерекпен бөлісіп, қазіргі қолындағы ақпаратқа сүйеніп пікір білдірді. Оның айтуынша, бұған дейін бейнежазбада отбасы мүшелерінің бірінің банктік картасы Бали аралында тіркелгені жөнінде мәлімет айтылғаннан кейін, банк қауіпсіздік шарасы ретінде отбасыға тиесілі барлық банк шоттарын бұғаттаған. Соның салдарынан карталар арқылы төлем жасау да, оларды пайдалану да толықтай тоқтатылған.

Сондай-ақ, желі қолданушысы Наурыз бен Мейрамгүлді іздеу жұмыстары қазіргі уақытта тоқтатылғанын алға тартты. Оның сөзінше, бұқаралық ақпарат құралдарында іздестіруді жалғастыру жөнінде жаңа сұраулардың түспегені хабарланып, осыған байланысты іздестіру шаралары доғарылған.

Осылайша, Наурыз бен Мейрамгүл әлі күнге дейін табылған жоқ. Ал "Наурыз бен Мейрамгүл қайда?" деген көпшілікті толғандырған сауалдың нақты жауабын, аталған желі қолданушысының пікірінше, Сұлтан ғана білуі мүмкін.