Logo
Іздеу
Айдарлар

"Ей, мен сенен 5 айға үлкенмін": Асанәлі Әшімовтың Нұрғали Нүсіпжанов туралы айтқан естелігі

/
"Ей, мен сенен 5 айға үлкенмін": Асанәлі Әшімовтың Нұрғали Нүсіпжанов туралы айтқан естелігі
ашық дереккөзден

Қазақ кино және театр өнерінің корифейі атанған Асанәлі Әшімовтің көзі тірісінде таспаналған сұхбаты тарады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл бейнежазбада ол елге танымал әнші Нұрғали Нүсіпжанов туралы ерекше естелігін айтады.

"Нұрғали екеуміздің әзіліміз жарасқан. Кейде ол маған қалжыңдап: "Ей, мен сенен 5 ай үлкенмін" дейді. Сөйтіп, аға боп кетеді маған, ағалық сөзін айтады. Екеуміз бір уақытта консерваторияда оқыдық. Ол вокал факультетінде, актер факультетінде оқыдым. Мен жарым Майра екеуі бір курста оқыды. Сол жылдарды сағынамын", – деді Асанәлі Әшімов.

Сондай-ақ Нұрғали Нүсіпжанов 5 қаңтар күні ерекше жазба жариялап, өзінің аға-бауырларына, достарына ерекше алғысын жеткізді.

"5 қаңтар – Алланың қалауымен дүние есігін ашқан күнім. Жарық дүниеге қазақ болып келіп, ұлтымның ұлы өнерінің бір кірпіші болып қалана алсам ол да бір Алланың жарылқағаны. Өнердегі үзеңгілестерім-аға дос, іні дос, шәкірттерімнің ақ жарма бата, тілектеріне разымын, аман жүргейсіңдер, алтындарым," – деп жазды Нұрғали Нүсіпжанов.