Logo
Іздеу
Айдарлар

Голливуд жұлдызы Маңғыстауда кино түсіруге келді

/
Голливуд жұлдызы Маңғыстауда кино түсіруге келді
Сурет: әлеуметтік желіден

Әлеуметтік желілерде Голливуд актері әрі режиссер Джеки Чанның шығармашылық тобы Ақтауға келгені туралы видео тарады. Бұл ақпаратты Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Тиісті ролик 2026 жылғы 20 қаңтарда жергілікті Instagram-парақшалардың бірінде «Джеки Чанның командасы Ақтауға келді» деген жазбамен жарияланған болатын.

«Маңғыстау облысына әлемдік жұлдыздың командасы келді. Мәліметтерге сәйкес, делегация құрамында 15-20 шақты адам бар. Қазіргі уақытта олар баратын орындардың тізімі пысықталып жатыр. Қарастырылып жатқан нысандардың қатарында Бозжыра шатқалы, теңіз жағалауы және өңірдегі басқа да танымал орындар бар», – деп мәлімдеді бүгін, 21 қаңтарда облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, 2025 жылдың желтоқсанында Джеки Чанның Қазақстанда жаңа ауқымды киножоба – әйгілі «Құдай сауыты» (Доспехи Бога) франшизасының жалғасын түсіретіні белгілі болған еді.