Logo
Іздеу
Айдарлар

Қызғаныш қылмысқа апарды: ұйқыдағы ер адамға жасалған сұмдық

/
Қызғаныш қылмысқа апарды: ұйқыдағы ер адамға жасалған сұмдық
kznews.kz коллажы

Астанада 32 жастағы, үш баланың анасы қызғаныштан ұйықтап жатқан күйеуіне ауыр дене жарақатын салғаны жөнінде ақпарат тарады. Зардап шеккен ер адам жедел түрде ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы Kznews.kz хабарлайды.

Оқиға жайлы уролог Жалғас Игембай әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеген. Дәрігердің айтуынша, 34 жастағы ер адам ауруханаға ес-түссіз, өте ауыр жағдайда түскен. Әйелдің өз сөзінше, жедел жәрдемді өзі шақырған.

Кейін белгілі болғандай, әйел жұбайының опасыздық жасағанын біліп, оған ұйықтататын дәрі берген. Ер адам есінен танып жатқан сәтте әйел пышақпен ауыр жарақат келтірген.

Медицина мамандарының айтуынша, науқас ауруханаға тым кеш жеткізілгендіктен, зақымданған ағзаны қалпына келтіру мүмкін болмаған.

"Өмірін аман алып қала алдық, алайда ер адамның болашағын сақтап қалу мүмкін болмады. Бұл – сериал емес, шынайы оқиға. Тек бұрын болған жағдай", – деп жазды Жалғас Игембай.