Logo
Іздеу
Айдарлар

Атырау облысындағы трагедияға қатысты журналист сұмдық жайтты айтты

/
Атырау облысындағы трагедияға қатысты журналист сұмдық жайтты айтты
Arasha.kz коллажы

Атыраудағы қайғылы оқиғаны зерттеп жүрген журналист Жанат Молдашева мәйіттер табылған күнгі жантүршігерлік сәттерді баяндады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Журналистің Kursiv.Media басылымына берген сұхбатында жоғалған отбасыға қатысты нақты дерек алу үшін ол оқиға орнында болған Шалқар есімді азаматпен тілдескенін айтты. Оның сөзінше, сол күні туыстар жиналып, үй маңында тұрған.

"Бәрін нақтылап алу үшін Шалқар деген жігітке хабарластым. Ол бәрін баяндап берді. "Ағайындар жиналып, есіктің алдында тұрдық. Өзіміз бастап қарайықшы деп, сарайға кірдік. Диван бұрын басқа жерде тұратын еді. Орны ауысқан екен. Осы жерді көрейікші. Бұрын негізі басқа жерде тұратын еді. Өзіміз ығыстырдық. Астында стяжка болатын еді. Ол бұзылған. Топырақ жатыр екен. Ашып жатқан кезде құзырлы органдардың өкілдері келген. Күрек әкеліп қазған. 1 метрдей қазған кезде жұмсақ топырақ астынан ағамды көріп қалдық. Арғы жағынан жеңгемнің қолын байқадым. Әрі қарай дәтім бармады. Иістенген" деді. Оны басқа жігіттердің бірі алып шыққан сияқты. Тыңдаудың өзі ауыр болды..." – деді Жанат Молдашова.