Logo
Іздеу
Айдарлар

"Хабар-ошарсыз кеткен марқұмдардың балалары…": Атыраудағы қанды қылмыс туралы тың дерек шықты

/
"Хабар-ошарсыз кеткен марқұмдардың балалары…": Атыраудағы қанды қылмыс туралы тың дерек шықты
Alash.kz

Атырау облысында із-түссіз жоғалып кеткен отбасыға қатысты тергеу және іздестіру шаралары әлі де тоқтаған жоқ, деп хабарлайды Arasha.kz.

Журналист Жанат Молдашова әлеуметтік желідегі парақшасында істің қазіргі барысына қатысты мәліметпен бөлісті. Оның айтуынша, қылмыстық іс облыстық полиция департаментінің өндірісінде және прокуратураның қатаң бақылауында.

Атырау облысы прокурорының аға көмекшісі Нұрболат Сұлтанов тергеу аясында жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

"Қазіргі уақытта жедел-іздестіру жұмыстары жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жария етілмейді. Конституцияның 77-бабының 3-бөлігіне сай, заңды күшіне енген сот үкімі шыққанға дейін адам кінәлі деп танылмайды. Әлеуметтік желілерде тарап жатқан түрлі ақпаратқа сенбей, тек ресми дереккөздерге сүйенуді сұраймыз", – деді ол.

Прокуратура өкілі күдіктіні және марқұмдардың хабар-ошарсыз кеткен балаларын іздестіру жұмыстары жалғасып жатқанын нақтылады.

"Іздестіру шаралары тоқтаған жоқ және тоқтамайды. Қызылқоға ауданында ауа райының күрт нашарлауына, қардың қалың түсуі мен мұздың қатуына байланысты Төтенше жағдайлар департаменті кейбір жұмыстарды уақытша шектеді. Алайда күдіктіні және хабар-ошарсыз кеткен марқұмдардың балаларын іздеу жалғасуда. Жақын арада қосымша ақпарат беріледі", – деді Нұрболат Сұлтанов.