Logo
Іздеу
Айдарлар

"Өздерің қалаған бағаға ала беріңдер" – Атыраудағы трагедияға қатысты ел күтпеген хаттар шыға бастады (ВИДЕО)

/
"Өздерің қалаған бағаға ала беріңдер" – Атыраудағы трагедияға қатысты ел күтпеген хаттар шыға бастады (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Атырау облысында тұтас бір отбасының із-түссіз жоғалып кетуі ел жұртшылығын алаңдатпай қоймады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қазір аталған оқиғаға қатысты іздестіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Осы істі алғашқылардың бірі болып зерттеген журналист Жанат Молдашова әлі табылмай жатқан Наурыз есімді азамат жөнінде тың мәліметті бөлісті.

"Наурыздың телефонымен жазып отырған адамның әзірге кім екенін білмейміз. Тек қана жазып қана сөйлесіп отырған. Сол кезде жаңа сатқан малдарды "өздерің қалаған бағаға ала беріңдер" деп жазған көрінеді. Ондай да бар. Қарашаның екісі күні келген қыз бен күйеу бала бесі күні кеткен деген де ақпарат бар. Тіпті көршісіне қарашаның алтысы күні Наурыздың атынан "малдарыма қарай тұршы" деген хабарлама келген. Сосын көршісі "басқа адамға тапсыр, менің қолым босамайды" деген. Сосын марқұм Мақсот ағамыздың банк картасынан көршіге 10 мың теңге аударып жібереді. "Қой, көрші болып ұят болады" деп көршісі кері аударып жіберген", – деді Жанат Молдашова.