Logo
Іздеу
Айдарлар

"Көршілері байқаған": Шаңсорғышпен "жыныстық қатынасқа түскен" ер адам қамауға алынды

/
"Көршілері байқаған": Шаңсорғышпен "жыныстық қатынасқа түскен" ер адам қамауға алынды
ашық дереккөзден

АҚШ-тың Флорида штатында ер адам қоғамдық орында әдепсіз әрекет жасағаны үшін ұсталды. Бұл туралы Orlando News хабарлады.

Мәліметке сәйкес, Киссимми қаласындағы Осиола округі полициясы 22 қаңтар күні Грассендейл-стрит көшесіне тұрғындардың шағымынан кейін барған. Көршілер үйінің алдында ер адамның жұрт көзінше әдепке сай келмейтін қылық көрсеткенін хабарлаған.

51 жастағы Кевин Дейл Вестерхолд көршілерінің көзінше тұрмыстық техника қолдана отырып, орынсыз әрекеттерге барған. Полицияға тапсырылған бейнежазбаларда күдіктінің жартылай жалаңаш күйде болғаны көрінеді.

Шериф кеңсесінің мәліметінше, аталған азамат бұған дейін де қоғамдық орындарда жалаңаш жүргені үшін тұрғындардың шағымына іліккен. Тергеу барысында күдікті мен оның жұбайының осы ауданда Airbnb арқылы жалға берілетін екі нысанның иесі екені анықталған.

Сонымен қатар көршілер желтоқсан айында түсірілген бақылау камераларындағы ұқсас әрекеттер бейнеленген жазбаларды да полицияға өткізген. Осы деректер негізінде күдіктіні ұстауға ордер беріліп, ол 26 қаңтар күні қамауға алынды.

Қазіргі таңда ер адамға әдепсіз түрде жалаңаштану бабы бойынша айып тағылып, іс тергеліп жатыр.