Logo
Іздеу
Айдарлар

"Мен қазір қара жерді басуға қаймығам... Бір тамшы жас ыршып түсті" – Нұрғали Нүсіпжанов

/
"Мен қазір қара жерді басуға қаймығам... Бір тамшы жас ыршып түсті" – Нұрғали Нүсіпжанов
Arasha.kz коллажы

Елге танымал әнші Нұрғали Нүсіпжанов әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Өнер иесі жазбасында адам жүрегін тебірентетін сырын бөлісіп, өмірдің ауыр сәтінде жанға медеу болған жандардың қадіріне тоқталды. Әсіресе шаңырағына шақырып, көңіл шайын ұсынған ардагер журналист Қайнар Олжайға алғысын жеткізді.

"Көке, мен қазір қара жерді басуға қаймығам. Өйткені астында ата-анам жатыр ғой", – дейді Жадырам… Жүрек тоқтап қалардай күй кештірген сәттен көңіл шәйға шақырған өзің құтқардың, Қайнар қарағым. Жадырадай қазақтың талантты қызын студент кезінен танығаныңды, Ұлттық арнаға Университет қабырғасында жүргенде жұмысқа алғаныңды естіп-біліп жатырмын, айналайын. Көрегенділігіңді тағы көрсеттің, көкем. Шәкіртіңе жұбату шәйін ұйымдастырдың. Әлбетте, мәселе ішіп-жемде емес. Гәп – көңілде… Сен жетім көңілді жұбаттың… Қамыққан қарындасқа қалқан болдың… Жабыққан жанның қасынан табылдың…

Өзіңе: "Ұстазым", – деп сөйлейтін бір жапырағың, "Әкеме барамыз", – деді… Көзімнен бір тамшы жас ыршып түсті… Қамкөңіл Жадырамның Асқар тау Әкесін, асыл Анасын қаншалықты аңсап, сағынып жүргенін ұғындым… Мейірімге толы жүрегіңе, қамқорлыққа толы жан-дүниеңе бас идім, Қайнар қалқам. Ұстаз деген ұлы есіміңнен айналып қана кетейін, Бұқаралық Ақпарат Құралының құлагері! Қайда жүрсең де, аман жүр, қазақ телевизиясының Қайнары! Өзің шамшырағын жаққан шәкірттер үшін де, аға буын біз үшін де қымбатсың, журналистика жүйрігі Қайнар Олжай!", – деп түйіндеді Нұрғали Нүсіпжанов.